Матч орталығы
Конференциялар лигасы Футбол Қайрат Қайрат 1:0 Аяқталды Мьельбю Мьельбю КХЛ Хоккей Спартак Спартак 1:5 Аяқталды ЦСКА ЦСКА Еуропа лигасы Футбол Виктория Виктория 4:0 Аяқталды Бенфика Бенфика Конференциялар лигасы Футбол Хартс Хартс 2:3 Аяқталды Монако Монако Конференциялар лигасы Футбол Иберия Иберия 1:0 Аяқталды Хетафе Хетафе Конференциялар лигасы Футбол Пафос Пафос 0:2 Аяқталды Мидтьюлланд Мидтьюлланд Конференциялар лигасы Футбол Яблонец Яблонец 2:0 Аяқталды Лугано Лугано Конференциялар лигасы Футбол Брайтон Брайтон 4:0 Аяқталды Крайова Крайова Конференциялар лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 2:1 Аяқталды Линкольн Ред Импс Линкольн Ред Импс Конференциялар лигасы Футбол Аякс Аякс 4:0 Аяқталды Тун Тун Конференциялар лигасы Футбол Кауно Кауно 2:0 Аяқталды Рига Рига Конференциялар лигасы Футбол Бранн Бранн 1:4 Аяқталды Орхус Орхус Еуропа лигасы Футбол Марсель Марсель 1:0 Аяқталды Левски Левски Еуропа лигасы Футбол Юнион Юнион 2:2 Аяқталды Лех Лех Еуропа лигасы Футбол Сельта Сельта 1:2 Аяқталды Борнмут Борнмут Еуропа лигасы Футбол Бешикташ Бешикташ 2:1 Аяқталды Хапоэль Хапоэль Еуропа лигасы Футбол Динамо Динамо 0:2 Аяқталды Байер Байер Еуропа лигасы Футбол Зальцбург Зальцбург 2:0 Аяқталды Арарат Арарат Еуропа лигасы Футбол Олимпиакос Олимпиакос 2:4 Аяқталды Милан Милан Әлем чемпионаты, іріктеу, Еуропа Баскетбол Черногория Черногория 62:93 Аяқталды Испания Испания

11.11.2026

Таеквондошы Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Таеквондошы Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Любовь Юн Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

63 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі ширек финалда отандасымыз Бразилия өкілі Рафаэла Мейреллес да Костамен кездесті.

Любовь Юн айқын басымдық танытып, екі раундта да жеңіске жетті. Алғашқы кезеңде 7:2, екінші раундта 11:2 есебімен басым түсті. Осылайша, жалпы есепте 2:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Енді қазақстандық спортшы финалға шығу үшін сербиялық Эма Зечировичпен кездеседі.

Айта кетейік, Любовь Юн – жасөспірімдер Олимпиадасы-2026 аясында таеквондодан Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан жалғыз спортшы.

Еске салсақ, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өткен әлем чемпионатында үш күміс медаль жеңіп алған соң Алматыға оралды.



Біздің серіктес: Sport12kz