Матч орталығы
КХЛ Хоккей СКА СКА 4:7 Аяқталды Барыс Барыс Франция кубогы Футбол Канн Канн 1:1 Пенальтиден соң Ле Пюи Ле Пюи НХЛ Хоккей Бостон Бостон 1:3 Аяқталды Торонто Торонто Ұлттық лига Хоккей Лозанна Лозанна 4:2 Аяқталды Берн Берн Ұлттық лига Хоккей Лангнау Лангнау 3:1 Аяқталды Серветт Серветт Ұлттық лига Хоккей Рапперсвиль Рапперсвиль 4:5 Пенальтиден соң Цюрих Цюрих Ұлттық лига Хоккей Лугано Лугано 4:3 Аяқталды Фрибург Фрибург Франция кубогы Футбол Валуа Валуа 1:2 Аяқталды Валансьен Валансьен Бундеслига Футбол Вердер Вердер 3:3 Аяқталды Боруссия Боруссия Лига 1 Футбол Брест Брест 1:0 Аяқталды Париж Париж А сериясы Футбол Венеция Венеция 0:0 Аяқталды Болонья Болонья Премьер-лига Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 3:2 Аяқталды Челси Челси Чемпионшип Футбол Саутгемптон Саутгемптон 2:0 Аяқталды Мидлсбро Мидлсбро Ла Лига Футбол Леванте Леванте 1:3 Аяқталды Расинг Расинг Франция кубогы Футбол 2 Ривес 82 2 Ривес 82 17:30 Бүгін Версаль Версаль Чемпионшип Футбол Блэкберн Блэкберн 17:30 Бүгін Чарльтон Чарльтон Чемпионшип Футбол Линкольн Линкольн 17:30 Бүгін Вулверхэмптон Вулверхэмптон Франция кубогы Футбол Charleville Charleville 17:30 Бүгін Реймс Реймс Франция кубогы Футбол Tremblay FC Tremblay FC 18:00 Бүгін Ред Стар Ред Стар Ла Лига Футбол Бетис Бетис 18:00 Бүгін Райо Вальекано Райо Вальекано

11 сағат бұрын

Геннадий Головкин Халықаралық ат спорты федерациясының президентімен кездесті

Геннадий Головкин Халықаралық ат спорты федерациясының президентімен кездесті

Фото: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Астанада Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) президенті Ингмар Де Воспен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ол сондай-ақ Жазғы Олимпиадалық халықаралық федерациялар қауымдастығын (ASOIF) басқарады және Халықаралық Олимпиадалық комитеті Атқарушы кеңесінің мүшесі.

Кездесуге Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Әлімжан Ақаев, Бас директоры Нұрлан Нөгербек, Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясының президенті Рустам Баялиев пен федерацияның вице-президенті Ерлан Каналимов қатысты.

Кездесуде Қазақстанда ат спортын дамыту, FEI ұйымымен ынтымақтастықты нығайту және елімізде ірі халықаралық жарыстарды өткізу мүмкіндіктері сөз болды.

Тараптар Астанада конкурдан Әлем кубогы кезеңдері мен FEI Jumping World Challenge финалының сәтті ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу турнирін 2027 жылы қабылдау жөніндегі өтінімі талқыланды.

Ингмар Де Вос бұл бастаманы жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін айтты. FEI басшысы Қазақстанның артықшылықтары ретінде дамыған спорт инфрақұрылымын, географиялық тұрғыдан қолайлы орналасуын және шетелдік қатысушылар үшін виза алу рәсімдерінің жеңілдігін атап өтті.

Қазақстанда дамытуға әлеуеті зор ат спортының бір түрі – қашықтыққа шабу (Endurance). Бұл бағытты дамытуға халқымыздың жылқы баптаудағы бай тәжірибесі мен ұзақ жолға төзімді қазақы жылқы тұқымдарының табиғи қасиеттері негіз бола алады.

FEI басшысы бұл жарыс түрінің ерекшеліктеріне тоқталып, оны Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу мүмкіндіктері мен осы мақсатта шешілуі тиіс техникалық мәселелер туралы айтып берді.

Ингмар Де Вос Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ұлттық және халықаралық спорт федерацияларымен байланысты нығайту бағытындағы жұмысын жоғары бағалады. Сондай-ақ мұндай ынтымақтастықтың спортты дамытуға және спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу соңында FEI президенті Қазақстанның ат спортын дамытудағы әлеуетін жоғары бағалап, бұл бағыттағы жұмысты одан әрі қолдауға дайын екенін білдірді.

Еске салсақ, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин World Taekwondo ұйымының басшысы Чунгвон Чоудың шақыруымен GCS International халықаралық үкіметтік емес ұйымының Қазақстандағы бөлімшесінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысты.


Біздің серіктес: Sport12kz