Матч орталығы
Токио женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 2:0 Аяқталды Юлия Путинцева Юлия Путинцева Испания кубогы Футбол Нумансия Нумансия 22:00 Бүгін Реал Овьедо Реал Овьедо А сериясы Футбол Фрозиноне Фрозиноне 22:30 Бүгін Лечче Лечче Испания кубогы Футбол Корухо Корухо 23:00 Бүгін Замора Замора Испания кубогы Футбол Побленсе Побленсе 23:00 Бүгін Сеута Сеута Испания кубогы Футбол Атлетико Калатаюд Атлетико Калатаюд 23:00 Бүгін Осасуна Осасуна Испания кубогы Футбол Лебрихана Лебрихана 23:00 Бүгін Хетафе Хетафе Испания кубогы Футбол Сан Себастьян Рейес Сан Себастьян Рейес 23:00 Бүгін Кория Кория Испания кубогы Футбол Атлетико Балеарес Атлетико Балеарес 23:00 Бүгін Эльденсе Эльденсе Испания кубогы Футбол Сьеса Сьеса 23:30 Бүгін Гранада Гранада Еуролига Баскетбол Црвена Звезда Црвена Звезда 00:00 Ертең Бавария Бавария Испания кубогы Футбол Антекуэра Антекуэра 00:00 Ертең Агилас Агилас Испания кубогы Футбол Гихуэло Гихуэло 00:00 Ертең Спортинг Хихон Спортинг Хихон Испания кубогы Футбол Реал Авила Реал Авила 00:00 Ертең Унионистас Унионистас Испания кубогы Футбол Конкенсе Конкенсе 00:00 Ертең Кастельон Кастельон Испания кубогы Футбол Вареа Вареа 00:00 Ертең Андорра Андорра Испания кубогы Футбол Ковадонга Ковадонга 00:00 Ертең Вальядолид Вальядолид А сериясы Футбол Фиорентина Фиорентина 00:45 Ертең Аталанта Аталанта Лига кубогы Футбол Эвертон Эвертон 00:45 Ертең Ньюкасл Ньюкасл Испания кубогы Футбол Херес Херес 01:00 Ертең Кадис Кадис

13.06.2025

Спорттағы жемқорлық: футбол клубтарын қаржыландыру 6,7 млрд теңгеге қысқартылды

Спорттағы жемқорлық: футбол клубтарын қаржыландыру 6,7 млрд теңгеге қысқартылды

Фото: kaz.inform.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп өткен жылы спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық, әсіресе балалар спортын дамыту және спорттық инфрақұрылымды нығайту мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Мемлекет Басшысы өз Жолдауларында ұлт денсаулығын нығайту – айрықша назарды қажет ететін басым бағыт екенін бірнеше мәрте атап өткен. Бұл ретте өсіп келе жатқан ұрпақтың саулығына айрықша мән берілуде, себебі еліміздің болашағы– олардың қолында.

Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп өткен жылы спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.

Нәтижелер отандық спорттың дамуына және әлемдік спорт аренасында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге кедергі келтіретін жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігін айғақтайды.

Кәсіби клубтар өздерінің спорттық инфрақұрылымын салудың орнына басшылықтың жалақысын көтеруге, легионерлерге төлемдер арқылы шығаруға, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға қаражат жұмсады.

Талдау қорытындысы бойынша спортты дамыту басымдықтарын қайта қарауға, оқу-жаттығу жиындарын өткізуді бақылауды қатаңдатуға, кәсіби клубтар мен федерациялардың бюджеттерін қысқартуға, қаржыландыруды орталықтандыруға, сондай-ақ цифрландыруды енгізуге бағытталған 50-ден астам ұсынымдар енгізілді.

Оларды қарау нәтижелері бойынша 2024 жылғы желтоқсанда және 2025 жылғы наурызда бірқатар салалық ережелерге түзетулер енгізілді. Енді футбол кәсіпқой клубтары үшін мемлекеттен қаржыландыру алу үшін балалар-жасөспірімдер және жастар футболының жеке бөлімшелерінің, жастар командаларының, стадиондар мен сабақтар өткізуге арналған құрылыстардың болуы туралы талаптар қолданылады. Оқу-жаттығу жиындарына бақылау күшейтілді, оларды өткізуге лимит белгіленді.

Агенттіктің ұсынымдары бойынша ағымдағы жылы 15 сәуірде «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға Туризм және спорт министрлігінің кәсіби спорт клубтарын ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимитін, сондай-ақҚазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салуды бекіту жөніндегі құзыретін көздейтін толықтырулар енгізілді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында кәсіби спортты, оның ішінде футбол клубтарын қаржыландыру 6,7 млрд теңгеге (60,5-тен53,8 млрд теңгеге дейін) қысқартылды. Спорттық іс-шараларға және жалақыға үстемеақыға негізсіз жұмсалған 1,3 млрд теңге бюджетке қайтарылды.

Басқарудың тиімсіздігіне байланысты 11 спорт нысаны мемлекеттік мекемелердің балансына берілді.

Қабылданған шаралар отандық спортты және өскелең ұрпақтың спорттық әлеуетін дамытуға бағытталған.


Біздің серіктес: Sport12kz