Матч орталығы
Токио женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 13:00 Бүгін Юлия Путинцева Юлия Путинцева Испания кубогы Футбол Нумансия Нумансия 22:00 Бүгін Реал Овьедо Реал Овьедо А сериясы Футбол Фрозиноне Фрозиноне 22:30 Бүгін Лечче Лечче Испания кубогы Футбол Корухо Корухо 23:00 Бүгін Замора Замора Испания кубогы Футбол Побленсе Побленсе 23:00 Бүгін Сеута Сеута Испания кубогы Футбол Атлетико Калатаюд Атлетико Калатаюд 23:00 Бүгін Осасуна Осасуна Испания кубогы Футбол Лебрихана Лебрихана 23:00 Бүгін Хетафе Хетафе Испания кубогы Футбол Сан Себастьян Рейес Сан Себастьян Рейес 23:00 Бүгін Кория Кория Испания кубогы Футбол Атлетико Балеарес Атлетико Балеарес 23:00 Бүгін Эльденсе Эльденсе Испания кубогы Футбол Сьеса Сьеса 23:30 Бүгін Гранада Гранада Еуролига Баскетбол Црвена Звезда Црвена Звезда 00:00 Ертең Бавария Бавария Испания кубогы Футбол Антекуэра Антекуэра 00:00 Ертең Агилас Агилас Испания кубогы Футбол Гихуэло Гихуэло 00:00 Ертең Спортинг Хихон Спортинг Хихон Испания кубогы Футбол Реал Авила Реал Авила 00:00 Ертең Унионистас Унионистас Испания кубогы Футбол Конкенсе Конкенсе 00:00 Ертең Кастельон Кастельон Испания кубогы Футбол Вареа Вареа 00:00 Ертең Андорра Андорра Испания кубогы Футбол Ковадонга Ковадонга 00:00 Ертең Вальядолид Вальядолид А сериясы Футбол Фиорентина Фиорентина 00:45 Ертең Аталанта Аталанта Лига кубогы Футбол Эвертон Эвертон 00:45 Ертең Ньюкасл Ньюкасл Испания кубогы Футбол Херес Херес 01:00 Ертең Кадис Кадис

11.12.2025

Жаңаөзенде дзюдодан жастар арасындағы ел чемпионаты басталды

Жаңаөзенде дзюдодан жастар арасындағы ел чемпионаты басталды

11-14 желтоқсан күндері Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында дзюдодан 2006-2008 жылдары туған жас спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz

Жас татами шеберлерінің басты додасына Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ еліміздің 17 облысынан келген 551 дзюдошы қатысып, төрт күн бойы мықтыны анықтайды.

Биылғы біріншіліктің ерекшелігі – қатысушылар қатарында халықаралық ареналарда көзге түскен талантты спортшылар белдеседі. Атап айтқанда, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ернұр Батырғали, сондай-ақ әлем чемпионатының жүлдегерлері Қайырғали Ролан мен Мұхамедәлі Жылқайдар татамиге шығып, жанкүйерлерге жоғары деңгейдегі белдесулер ұсынады.

Чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылғы спорттық маусымда ел намысын қорғайтын Қазақстан жастар құрамасы жасақталады және олар халықаралық жарыстарда бақ сынайды. Бұл жас спортшылар үшін ұлттық құрама сапына қосылып, халықаралық додаларға жолдама алуына зор мүмкіндік болмақ.

Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысының тапсырмасымен халықаралық байланыстарды нығайту және дзюдоны Қазақстанда жаңа деңгейге көтеру бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта Халықаралық дзюдо федерациясымен елімізде төрт жыл бойы Grand Slam әлемдік турнирін өткізу туралы келісімге қол қойылған.

Айта кетейік, бүгінде елімізде дзюдо спорты қарқынды дамып келеді. Әсіресе, былтырғы Париж Олимпиадасынан кейін Қазақстанда дзюдо жаңа белеске көтерілді. Бұл спорт түріне қызығушылық едәуір артқан. Статистикаға сүйенсек, елімізде шамамен 90 мың адам дзюдо секциялары мен үйірмелеріне қатысады, ал оларды 1300-ге жуық жаттықтырушы дайындайды.


Біздің серіктес: Sport12kz