3 күн бұрын
Семсерлесуден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
8 қазанда Бахрейннің Манама қаласында семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты басталады. Қазақстан құрамасы құрлықтық додада қарудың үш түрі бойынша бақ сынайды.
Olympic.kz мәліметінше, жарыста ел намысын 24 спортшы қорғайды.
Шпага:
* Кирилл Проходов
* Богдан Лукин
* Георгий Тинников
* Михаил Кузьмин
* Каролина Фомина
* Наталья Зинякова
* Мария Лесовская
* Полина Лесовская
Қылыш:
* Қуаныш Ергашбай
* Қайназар Нұрқатұлы
* Бексұлтан Абжал
* Ерхан Қараман
* Қайша Жәнібек
* Полина Ко
* Диляра Исабекова
* Әдема Серікбай
Рапира:
* Ғалым Нұрымов
* Тимофей Семенов
* Мансұр Естеу
* Евгений Токанов
* София Ақтаева
* Алёна Гноева
* Алина Искандерова
* Ксения Андреева
Айта кетейік, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 2 қарашаға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz