Матч орталығы
НХЛ Хоккей Даллас Даллас 2:5 Аяқталды Монреаль Монреаль Токио женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 11:10 Бүгін Лейла Фернандес Лейла Фернандес КХЛ Хоккей Шанхайские Драконы Шанхайские Драконы 21:30 Бүгін Барыс Барыс Вена мужчины Теннис Александр Зверев Александр Зверев 21:30 Бүгін Артур Фери Артур Фери Суперлига Футбол Коньяспор Коньяспор 22:00 Бүгін Галатасарай Галатасарай Лига 1 Футбол Гавр Гавр 23:00 Бүгін ПСЖ ПСЖ Лига 1 Футбол Ницца Ницца 23:00 Бүгін Ренн Ренн Бундеслига Футбол Эльверсберг Эльверсберг 00:30 Ертең Майнц Майнц Ла Лига Футбол Вильярреал Вильярреал 01:00 Ертең Эспаньол Эспаньол Лига 1 Футбол Лилль Лилль 01:05 Ертең Ланс Ланс Примейра-лига Футбол Каза Пия Каза Пия 01:15 Ертең Спортинг Спортинг Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 15:00 Ертең Астана Астана Премьер-Лига Футбол Елімай Елімай 15:00 Ертең Оқжетпес Оқжетпес Премьер-Лига Футбол Қайрат Қайрат 15:00 Ертең Алтай Алтай Премьер-Лига Футбол Ертіс Ертіс 15:00 Ертең Ордабасы Ордабасы Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 15:00 Ертең Ақтөбе Ақтөбе Премьер-Лига Футбол Каспий Каспий 15:00 Ертең Қызылжар Қызылжар Премьер-Лига Футбол Ұлытау Ұлытау 15:00 Ертең Атырау Атырау Премьер-Лига Футбол Жеңіс Жеңіс 15:00 Ертең Қайсар Қайсар Премьер-лига Футбол Челси Челси 17:30 Ертең Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед

3 күн бұрын

Қазақстан чемпионатында бас бапкер жас волейболшыны ұрғаны үшін жарыстардан шеттетілді

Қазақстан чемпионатында бас бапкер жас волейболшыны ұрғаны үшін жарыстардан шеттетілді

Павлодарда өтіп жатқан волейболдан қыздар арасындағы Қазақстан чемпионатында бапкердің жас спортшыға қол көтергені белгілі болды. Оқиға бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, қоғам назарын аударды.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, жарысқа 2009 жылы туған және одан кіші спортшылар қатысып жатыр. Қала намысын бұл додада жекеменшік волейбол клубының командасы қорғаған.

Оқиғаға қатысы бар бапкер Хамит Мырзабеков екені айтылды. Қазақстанның волейбол федерациясы бейнежазба жарияланғаннан кейін оны жарыстарға қатысудан шеттету туралы шешім қабылдаған.

Спорт басқармасының мәліметінше, Мырзабеков жекеменшік клубта шамамен алты-жеті ай еңбек еткен. Клуб өкілдері оның жұмыстан босатылғанын хабарлаған. Ол мемлекеттік спорт ұйымдарында қызмет атқармаған.

Қазіргі уақытта қалалық басқарма жағдайды зерделеп, заңнама аясында тиісті шаралар қабылдау мәселесін қарастырып жатыр.


Біздің серіктес: Sport12kz