3 күн бұрын
Қазақстандық шорт-трекші әлемдік турнирде жүлдеге қол созым жерде сүрінді
Қазақстандық шорт-трекші Богдан Вехов Канадада өтіп жатқан ISU әлемдік турының алғашқы кезеңінде 1500 метр қашықтықта төртінші орын алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз финалдық жарыста 2:20.393 нәтижесін көрсетті. Қола жүлдеге қол жеткізген жапониялық Сёго Мията одан 0,205 секундқа озып кетті.
Алтын медальді нидерландтық Йенс ван ’т Ваут (2:20.025) жеңіп алса, Оңтүстік Корея өкілі Рим Джон Гун (2:20.082) күміс жүлдеге ие болды.
Әлемдік турдың келесі кезеңі Монреаль қаласында өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz