5 сағат бұрын
Самоделкина Канададағы Гран-при жарысында өнер көрсетті
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Канададағы Келоуна қаласында өткен ISU Гран-при кезеңінің еркін бағдарламасын орындады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Самоделкина өз өнері үшін 135,05 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Еркін бағдарламада жапониялық Мао Симада 153,33 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті. Эстониялық Нина Петрыкина 143,83 ұпаймен екінші орын алса, оңтүстіккореялық Син Джиа 139,14 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Жапониялық Саки Миякэ 138,14 ұпаймен төртінші орынға жайғасты.
Еске салайық, қысқа бағдарламадан кейін Софья Самоделкина 71,84 ұпаймен аралық есепте үшінші орында тұрған еді. Жарысқа барлығы 12 спортшы қатысты.
Біздің серіктес: Sport12kz