Матч орталығы
НХЛ Хоккей Рейнджерс Рейнджерс 1:4 Аяқталды Эдмонтон Эдмонтон Ченнаи женщины Теннис Мей Ямагучи Мей Ямагучи 15:40 Бүгін Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева АФК Чемпиондар лигасы Футбол Пахтакор Пахтакор 18:45 Бүгін Аль-Наср Аль-Наср Челленджер Братислава 2 Теннис Лука Павлович Лука Павлович 20:00 Бүгін Александр Шевченко Александр Шевченко КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 21:00 Бүгін СКА СКА А сериясы Футбол Сассуоло Сассуоло 22:30 Бүгін Фиорентина Фиорентина А сериясы Футбол Аталанта Аталанта 00:45 Ертең Парма Парма Лига 1 Футбол Лорьян Лорьян 00:45 Ертең Брест Брест Премьер-лига Футбол Ньюкасл Ньюкасл 01:00 Ертең Эвертон Эвертон Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 01:00 Ертең Осасуна Осасуна Примейра-лига Футбол Жил Висенте Жил Висенте 01:15 Ертең Гимарайнш Гимарайнш Примейра-лига Футбол Бенфика Бенфика 01:15 Ертең Алверка Алверка Чемпиондар лигасы Футбол Шахтер Шахтер 22:45 Ертең Спортинг Спортинг Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 22:45 Ертең Штутгарт Штутгарт Испания кубогы Футбол Памплона Памплона 23:00 Ертең Эйбар Эйбар Испания кубогы Футбол Анайтасуна Анайтасуна 23:00 Ертең Алавес Алавес АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль Хиляль Аль Хиляль 23:15 Ертең Шабаб Аль Ахли Шабаб Аль Ахли Чемпионшип Футбол КПР КПР 00:45 04.11 Бернли Бернли Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 00:45 04.11 Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 00:45 04.11 Норвич Норвич

3 сағат бұрын

Манамада Қазақстан қоржыны тағы екі алтынмен толықты

Манамада Қазақстан қоржыны тағы екі алтынмен толықты

Қазақстанның семсерлесу құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жоғары сатыға ерлер арасындағы семсерлесуден қылышпен емес, шпагамен сайысқа түскен команда мен әйелдер арасындағы қылыштасу құрамасы көтерілді.

Шпага бойынша ерлер командасының сапында Михаил Кузьмин, Кирилл Проходов, Георгий Тинников және Жанарбек Жанұзақов өнер көрсетті. Қазақстандықтар финалда Гонконг құрамасынан басым түсті.

Ал әйелдер арасындағы қылыштасудан Диляра Исабекова, Полина Ко, Әдемі Серікбай және Қайша Жәнібек жеңіске жетті. Шешуші кездесуде олар да Гонконг спортшыларын ұтты.

Сонымен қатар Қазақстанның тағы екі командасы құрлықтық додада қола жүлдегер атанды. Ерлер арасындағы қылыштасудан Бексұлтан Абжал, Қуаныш Ерғашбай, Ерхан Қараман және Қайназар Нұрқатұлы үшінші орын алды.

Әйелдер арасындағы рапира сайысында София Ақтаева, Ксения Андреева, Алёна Гноева және Алина Искандерова қола медаль жеңіп алды.

Жеке жарыста шпага сайысынан Мария Лесовская күміс жүлдеге ие болса, Полина Лесовская қола медаль алды.

Айта кетейік, бұған дейін Кирилл Проходов жеке сында шпага бойынша алтын, Қайша Жәнібек қылыштасудан күміс, ал Диляра Исабекова қола жүлде иеленген еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы медаль саны тоғызға жетті. Оның үшеуі – алтын, екеуі – күміс, төртеуі – қола.



Біздің серіктес: Sport12kz