2 сағат бұрын
Қазақстандық триатлоншы Азия кубогында күміс медаль иеленді
Қазақстандық триатлоншы Егор Крупяков Қытайдың Чунцин қаласында өткен Азия кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ерлер арасындағы жарыста отандасымыз қашықтықты 1 сағат 55 минутта еңсеріп, екінші орынға ие болды.
Жарыс жеңімпазы ресейлік Павел Сорокин атанды. Ол мәреге 1 сағат 54 минут 6 секундта жетті. Қытайлық Любо Чжан 1 сағат 55 минут 1 секунд нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстандық Арлан Жанабай 12-орын алса, Дарын Қонысбаев 13-сатыға тұрақтады.
Біздің серіктес: Sport12kz