Матч орталығы
АФК Чемпиондар лигасы Футбол Пахтакор Пахтакор 2:6 Аяқталды Аль-Наср Аль-Наср Челленджер Братислава 2 Теннис Лука Павлович Лука Павлович 2:1 Аяқталды Александр Шевченко Александр Шевченко Сегунда Футбол Реал Овьедо Реал Овьедо 2:3 Аяқталды Лас Пальмас Лас Пальмас КХЛ Хоккей Локомотив Локомотив 0:1 Аяқталды Лада Лада КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 3:4 Аяқталды СКА СКА А сериясы Футбол Сассуоло Сассуоло 2:4 Аяқталды Фиорентина Фиорентина Суперлига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 93:76 Аяқталды Кайирова Беледийеси Кайирова Беледийеси Сегунда Футбол Вальядолид Вальядолид 4:3 Аяқталды Леганес Леганес Лига кубогы Футбол Аль-Ахли Аль-Ахли 1:0 Аяқталды Аль Мокавлун Аль Мокавлун АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль Иттихад Аль Иттихад 1:3 87 Аль Аин Аль Аин Суперлига Хоккей Оденсе Булльдогз Оденсе Булльдогз 3:3 Үзіліс Ольборг Ольборг Премьер-лига Футбол Хапоэль Тель Авив Хапоэль Тель Авив 2:1 73 Маккаби Маккаби Алеф лигасы Футбол Ашдод Ашдод 1:1 53 Хапоэль Рамат-ха-Шарон Хапоэль Рамат-ха-Шарон А сериясы Футбол Аталанта Аталанта 0:0 18 Парма Парма Лига 1 Футбол Лорьян Лорьян 0:0 17 Брест Брест Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 01:00 Бүгін Осасуна Осасуна Премьер-лига Футбол Ньюкасл Ньюкасл 0:0 3 Эвертон Эвертон Примейра-лига Футбол Жил Висенте Жил Висенте 01:15 Бүгін Гимарайнш Гимарайнш Примейра-лига Футбол Бенфика Бенфика 01:15 Бүгін Алверка Алверка НХЛ Хоккей Бостон Бостон 05:00 Бүгін Вегас Вегас

3 сағат бұрын

Қазақстан семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы екі алтын алды

Қазақстан семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы екі алтын алды

Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Шпагада сынға түскен ерлер құрамасы мен саблядан өнер көрсеткен әйелдер құрамасы жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Шпагада Қазақстан намысын Михаил Кузьмин, Кирилл Проходов, Георгий Тинников және Жанарбек Жанұзақов қорғады. Ақтық сында отандастарымыз Гонконг құрамасынан басым түсті.

Ал саблядан өткен әйелдер арасындағы командалық бәсекеде Диляра Исабекова, Полина Ко, Адема Серікбай және Қайша Жәнібек жеңімпаз атанды. Шешуші кездесуде қазақстандық спортшылар Гонконг құрамасын ұтты.

Бұдан бөлек, Қазақстанның тағы екі командасы құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Ерлер арасында саблядан Бексұлтан Абжал, Қуаныш Ерғашбай, Ерхан Қараман және Қайназар Нұрқатұлы үшінші орынға ие болды.

Ал әйелдер арасындағы командалық рапира сайысында София Актаева, Ксения Андреева, Алена Гноева және Алина Искандерова қола медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ шпага бойынша жекелей сында Мария Лесовская күміс жүлдеге қол жеткізсе, Полина Лесовская қола медаль иеленді.

Еске салайық, бұған дейін Кирилл Проходов шпагадан жекелей сында алтын медаль жеңіп алса, Қайша Жәнібек саблядан күміс жүлдегер атанды. Ал Диляра Исабекова қола медаль иеленген болатын.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында Азия чемпионатының тоғыз медалі бар. Оның үшеуі – алтын, екеуі – күміс, төртеуі – қола.

Еске салсақ, Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық зілтемірші Алексей Чуркин жүлдеге бір қадам жетпей қалды.


Біздің серіктес: Sport12kz