7 сағат бұрын
Алматыда таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді
4-6 қараша аралығында Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында таеквондодан (WT) ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады.
Ел біріншілігінде Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан келген 350-ге жуық спортшы 16 салмақ дәрежесінде жүлдеге таласады.
Жарысқа қатысушылар қатарында Жавохир Исламов, Ғазез Нұрбек, Самирхон Абабакиров, Бекасыл Ергеш, Нұрлан Мырзабаев және Бейбарыс Қаблан бар.
Әйелдер арасында Айдана Құмартай, Жанель Сұлтанғалиева, Әзиза Қаражанова, Мария Севостьянова, Нұрай Қазнабек, Нұрай Хусайнова, Назым Махмұтова және Евгения Каимова өнер көрсетеді.
Айта кетейік, ел чемпионатының қорытындысы бойынша келесі жылға арналған Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы жасақталады.
Біздің серіктес: Sport12kz