3 сағат бұрын
Қазақстандық шорт-трекшілер әлем кубогінде бақ сынайды
Қазақстан құрамасының 10 спортшысы шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысады. Халықаралық жарыс 6–8 қараша аралығында Италияның Бормио қаласында өтеді. Қыздар арасында ел намысын Даяна Айтыбек, Нұрия Алпысбай, Алина Лишенко, Раяна Манарбекова және Меруерт Сансызбаева қорғайды.
Ал ұлдар құрамына Әліби Әлімгерей, Жанарыс Мағжан, Максим Саенко, Жандос Серекпаев және Мейіржан Төлеген енді.
Айта кетейік, Бормиодағы жарыс жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңі болмақ. Қазақстандық спортшылар халықаралық додада өз шеберлігін сынап, жүлделі орындар үшін күреседі.
Біздің серіктес: Sport12kz