3 сағат бұрын
Анатолий Руденко жасөспірімдер Олимпиадасының финалында бақ сынайды
Қазақстандық жүзуші Анатолий Руденко жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден медальға таласады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз іріктеу кезеңінде өз тобында үшінші болып мәреге жетті. Ол қашықтықты 1:04,12 уақытта жүзіп өтіп, жалпы есепте сегізінші нәтиже көрсетті. Бұл көрсеткіш Руденкоға шешуші кезеңге жолдама алуға мүмкіндік берді.
100 метрге брасс әдісімен жүзуден финалдық жарыс бүгін, 3 қарашада сағат 16:51-де өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz