1 күн бұрын
Қазақстандық триатлоншылар Гонконгтағы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
Қазақстан құрамасының үш өкілі Гонконгта өтетін триатлоннан әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ел намысын Арлан Жанабай, Дарын Қонысбаев және Аян Бейсенбаев қорғайды.
Халықаралық жарыс 7–8 қараша күндері өтеді. Ерлер арасындағы бәсеке 7 қарашаға жоспарланған. Ұйымдастырушылар бұл санатқа 65 спортшыны тіркеген.
Айта кетейік, Арлан Жанабай жақында Жапонияда өткен Азия ойындарында қола жүлдеге ие болған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz