4 сағат бұрын
Михаил Шайдоров 2026/27 халықаралық маусымын бастады
Олимпиада чемпионы Милан жеңісінен кейін мұзға оралып, маусымды медальмен бастады Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2026/27 халықаралық маусымын бастады. 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңістен кейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының алғашқы жарысы 2026 жылғы 24–27 қыркүйек аралығында Братиславада (Словакия) өткен ISU Challenger сериясының турнирі — Nepela Memorial болды.
Халықаралық мұзға оралу сәтті шықты. Қысқа бағдарламада Шайдоров 95,98 ұпай жинап, жеке рекордын орнатты, ал еркін бағдарламада 176,77 ұпайға ие болды. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша ол 272,75 ұпай жинап, турнирдің қола медалін жеңіп алды.
Маусымның басы тарихи жетістік те әкелді: турнир қорытындысы бойынша Михаил Шайдоров 4193 ұпаймен Халықаралық конькишілер одағының (ISU) әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді. Бұл — қазақстандық мәнерлеп сырғанау тарихындағы ең үздік нәтиже.
Жаңа маусымда Олимпиада чемпионы ISU Гран-при сериясының Франция мен Қытайдағы кезеңдеріне қатысып, серия финалына шығу үшін күреседі. Спортшы үшін маусымның басты мақсаты — әлемнің ірі турнирлерінде тұрақты өнер көрсету және ерлер арасындағы жекелей сырғанаудың әлемдік көшбасшыларының бірі мәртебесін растау.
Спортшының маусымның халықаралық жарыстарына дайындығы мен қатысуының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. Серіктес — Sport Qory спортты қолдау қоры. Серіктестердің қолдауы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың әлемнің ірі турнирлерінде өнер көрсетуі және елдің әлемдік мәнерлеп сырғанаудағы позициясын нығайту үшін ерекше маңызға ие
Біздің серіктес: Sport12kz
Диана Юлдашева