4 сағат бұрын
Қазақстандық шпагашылар әлем кубогінде бақ сынайды
12–14 қараша аралығында Швейцарияның Берн қаласында ерлер арасында семсерлесуден әлем кубогының кезеңі өтеді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жекелей және командалық сайыста өнер көрсетеді.
Жекелей бәсекеде ел намысын Эльмир Әлімжанов, Александр Федотов, Аңсар Қасен, Руслан Курбанов, Богдан Лукин, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов және Георгий Тинников қорғайды.
Ал командалық сайысқа Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Кирилл Проходов пен Вадим Шарлаимов қатысады.
Айта кетейік, қазан айында Қазақстанның ерлер құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен еді. Осы нәтижеден кейін ұлттық команда әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді.
Біздің серіктес: Sport12kz