4 сағат бұрын
«Самұрық-Қазына» және Sport Qory Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамытуға қолдау көрсетуде
2026 жылы Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, серіктесі - Sport Qory спортты қолдау қоры. Серіктестердің қолдауының арқасында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, ұлттық құрама құрамында дайындалып, халықаралық жарыстарға қатысуда, ал елімізде республикалық турнирлер өтуде.
Бұл жұмыстың нәтижесі қазірдің өзінде байқалады. Жазда Алматыда Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтіп, оның қорытындысы бойынша маусымның халықаралық жарыстарына құрама жасақталды. Қыркүйекте қазақстандық жасөспірімдер ISU жасөспірімдер Гран-при сериясының Таиланд, Түркия және Грузиядағы кезеңдеріне қатысты, ал Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров маусымды Братиславадағы Nepela Memorial турнирінің қола медалімен бастап, ISU әлемдік рейтингінде 2-орынға көтерілді. Бұл -отандық мәнерлеп сырғанау тарихындағы ең үздік нәтиже.
Елімізде мәнерлеп сырғанауға деген қызығушылық та артып келеді: 5 қыркүйекте Алматыда өткен Михаил Шайдоровтың жанкүйерлермен ашық кездесуіне 200-ден астам адам қатысты. Самұрық-Қазына мен Sport Qory қолдауы бізге барлық деңгейде — жасөспірімдерді дайындаудан бастап Олимпиада чемпионының әлемнің ірі турнирлеріндегі өнеріне дейін — жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Серіктестерімізге сенімі мен қазақстандық мәнерлеп сырғанауды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз», — деді Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағының атқарушы директоры Надежда Садвакасова.
Алда тағы бір маңызды оқиға бар: 2027 жылдың ақпанында Қазақстан тарихта алғаш рет ISU мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды.
Біздің серіктес: Sport12kz