3 сағат бұрын
Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Иорданияның Акаба қаласында өтетін спринттік қашықтықтағы триатлоннан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтық біріншілікте Қазақстан намысын Аян Бейсенбаев, Арлан Жаңабай, Максим Шмулич, Темірлан Теміров, Дарын Қонысбаев, Егор Крупяков, Алуа Нұрмұхамит және Диана Ержанова қорғайды.
Айта кетейік, Егор Крупяков жақында Қытайдың Чунцин қаласында өткен Азия кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанған болатын.
Азия чемпионаты 26 қарашада өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қатысушылар тізіміне өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Біздің серіктес: Sport12kz