1 сағат бұрын
Анатолий Руденко жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты
Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында 50 метрге брасс әдісімен жүзуден финалға жолдама алды.
Отандасымыз іріктеу кезеңінде қашықтықты 29,07 секундта жүзіп өтті. Ол өз тобында үшінші нәтиже көрсетіп, жалпы есепте алтыншы орынға тұрақтады. Осылайша, финалға шыққан спортшылар қатарына қосылды.
Айта кетейік, бұған дейін Анатолий Руденко 200 метрге брасс әдісімен жүзуден де финалға өткен еді.
50 метр қашықтықтағы шешуші жарыс 5 қарашада өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz