12 сағат бұрын
Қазақстандық гимнаст Әлихан Мәулет әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы Әлихан Мәулет Қытайдың Нанкин қаласында өткен батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Отандасымыз 17-21 жас аралығындағы спортшылар арасында қос шағын батутта секіру (DMT) бағдарламасы бойынша өнер көрсетті. Финалдық кезеңде екінші нәтиже көрсетіп, әлем чемпионатының күміс медалін иеленді.
Жарыс жеңімпазы ресейлік Лев Бусарев болды. Ол 28,600 ұпай жинады. Ал америкалық Кейсен Мааг 23,900 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Осылайша, Әлихан Мәулет халықаралық додада Қазақстан қоржынына күміс жүлде салды.
Айта кетейік, Нанкинде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында 20 спортшы бақ сынады.
Біздің серіктес: Sport12kz