8 сағат бұрын
Диана Ержанова триатлоннан әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
Фото: olympic.kz
Қазақстан құрамасының өкілі Диана Ержанова 6 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) өтетін триатлоннан әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыс Әл-Мамзар саябағында ұйымдастырылады. World Triathlon ұйымының мәліметінше, аталған бәсекеде 65 спортшы бақ сынайды.
Айта кетейік, жарыс Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.
Диана Ержанова бұл додаға дейін қараша айында Иорданияның Акаба қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады.
Еске салсақ, Қазақстанның төрт таеквондошысы Гран-при финалында бақ сынайды.
Біздің серіктес: Sport12kz