Матч орталығы
УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Қазақстан Қазақстан 2:2 Аяқталды Словакия Словакия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Фарер аралдары Фарер аралдары 1:0 Аяқталды Молдова Молдова УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Исландия Исландия 3:0 Аяқталды Люксембург Люксембург УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Литва Литва 2:1 Аяқталды Лихтенштейн Лихтенштейн УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Эстония Эстония 2:1 Аяқталды Болгария Болгария Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Италия U21 Италия U21 2:2 Аяқталды Бельгия U21 Бельгия U21 Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Венгрия U21 Венгрия U21 5:3 Аяқталды Кипр U21 Кипр U21 Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Жапония U19 Жапония U19 3:1 Аяқталды Колумбия U19 Колумбия U19 Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Андорра Андорра 1:3 Аяқталды Әзербайжан Әзербайжан Суперлига Баскетбол Маккаби Ришон Маккаби Ришон 98:88 Аяқталды Хапоэль Беер Шева Хапоэль Беер Шева Челленджер Шампейн Теннис Джайлс Хасси Джайлс Хасси 2:1 Аяқталды Кешав Чопра Кешав Чопра УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Гибралтар Гибралтар 1:1 Аяқталды Мальта Мальта УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Германия Германия 5:0 Аяқталды Нидерланд Нидерланд УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Швейцария Швейцария 4:0 Аяқталды Шотландия Шотландия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Солтүстік Македония Солтүстік Македония 0:3 Аяқталды Словения Словения УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Грекия Грекия 1:0 Аяқталды Сербия Сербия НХЛ Хоккей Рейнджерс Рейнджерс 05:30 Бүгін Монреаль Монреаль Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Сингапур Сингапур 15:00 Бүгін Бразилия Бразилия Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Жапония Жапония 18:10 Бүгін Парагвай Парагвай Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Катар Катар 19:00 Бүгін Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея

7 сағат бұрын

Қазақстан конькимен жүгіруден әлем кубогын бір медальмен аяқтады

Қазақстан конькимен жүгіруден әлем кубогын бір медальмен аяқтады

Фото: olympic.kz

Қытайдың Бейжің қаласында конькимен жүгіруден 2026/27 маусымындағы әлем кубогының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бір күміс медаль жеңіп алды.

Ұлттық құрама қоржынына жалғыз жүлдені Кристина Шумекова салды. Ол А дивизионында 1000 метр қашықтықта 1 минут 15,65 секунд нәтижесімен екінші орынға ие болды. Сондай-ақ спортшы В дивизионында 1500 метрде тоғызыншы, 3000 метрде алтыншы орын алды.

Ең мықты спортшылар сынға түскен А дивизионындағы 500 метр қашықтықта Кристина Силаева мен Евгений Кошкин өнер көрсетті. Алғашқы жарыста Силаева 11-орын алса, екінші жарыста 15-орынға тұрақтады. Кошкин сәйкесінше, қос сайыстың қорытындысы бойынша 13-ші және 15-ші орындарға ие болды. Бұдан бөлек, Силаева 1000 метр қашықтықта 20-орынға жайғасты.

В дивизионында Алина Дауранова 500 метр қашықтықтағы алғашқы жарыста тоғызыншы, екіншісінде 12-орын алды. Артур Галиев осы қашықтықтағы алғашқы жарысты 18-орынмен аяқтаса, 1000 метрде 17-нәтиже көрсетті. Ал Никита Важенин 500 метрдегі екінші жарыста 19-орынға тұрақтады.

1500 метр қашықтықта В дивизионында Мария Деген 17-орын алса, Инесса Шумекова 18-сатыға жайғасты. Нұралы Ақжол мәреге 20-болып жетті. Ал 1000 метрде Инесса 16-нәтиже көрсетсе, Дарья Важенина 21-орын алды.

Мария Деген 3000 метр қашықтықта 14-орынға тұрақтады. Ал Вадим Якубовский 5000 метрде 17-нәтиже көрсетті. Екеуі де В дивизионында өнер көрсетті.

Жарыстың соңғы күнінде командалық із кесу сайысы өтті. Мария Деген, Кристина және Алина Шумековалардан құралған Қазақстан әйелдер құрамасы А дивизионында 3 минут 5,85 секунд нәтижесімен жетінші орын алды.

Андрей Зуев, Вадим Якубовский және Виталий Щиголев өнер көрсеткен ерлер құрамасы В дивизионында 3 минут 53,88 секунд нәтижесімен алтыншы орынға ие болды.

Сондай-ақ Алина Шумекова әйелдер арасында масс-стартта тоғызыншы орын алды.

Әлем кубогының келесі кезеңі 20-22 қараша күндері Жапонияның Обихиро қаласында өтеді.

Еске салсақ. Қазақстанның төрт таеквондошысы Гран-при финалында бақ сынайды.



Біздің серіктес: Sport12kz