3 сағат бұрын
Ауыр атлетикадан 14 жастағы Маргарита Ермакова Қазақстан чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Ел чемпионатының үшінші жарыс күнінде әйелдер арасында 57, 61, 69 және 77 келіде жүлде сарапқа салынды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі жарыс күнінде жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Аянат Жұмағали сынға түсіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
«Азиададан кейін 1-2 күн тынығып, бірден әлем чемпионатына дайындалып кеттім. Енді міне жаһандық додадан кейін Қазақстан чемпионатына қатысып жатырмын. Жарыс барысы аса қиын болмады. Бүгін кезекті рет алтын жүлдені жеңіп алдым. Енді ары қарай тағы да оқу-жаттығу жиынына аттанамын», - деді Аянат Жұмағали.
Ал 69 келіде Астана қаласының өкілі, 14 жастағы Маргарита Ермакова топ жарды.
«Дәл осы ел чемпионатына арнайы дайындалдым. Сондықтан ойлаған жоспарым толықтай жүзеге асты. Енді босаңсымай, алға бұдан да жоғары мақсаттар қоямын», - деп Маргарита Ермакова өз ойымен бөлісті.
57 келі. Қоссайыс қорытындысы
1.Екатерина Алякина (Қарағанды обл) - 180 келі (80+100)
2.Карина Кодирова (Қарағанды обл) - 163 келі (70+93)
3.Елена Белокопытова (Ақмола обл) - 156 келі (71+85)
61 келі. Қоссайыс қорытындысы
1.Инабат Өмірзақ (Қызылорда обл) - 166 келі (71+95)
2.Виолетта Какалова (Қостанай обл) - 152 келі (67+85)
3.Софья Мухина (Жетісу обл) - 147 келі (64+83)
69 келі. Қоссайыс қорытындысы
1.Маргарита Ермакова (Астана қ) - 212 келі (94+118)
2.Алтынай Тәңірбергенова (Қызылорда обл) - 198 келі (86+112)
3.Дарья Балабаюк (Қарағанды обл) - 197 келі (88+109)
77 келі. Қоссайыс қорытындысы
1.Аянат Жұмағали (Алматы қ) - 218 келі (98+120)
2.Аружан Дәулетова (Шымкент қ) - 181 келі (81+100)
3.Софья Шалгина (ШҚО) - 173 келі (79+94)
Ертең 70 және 75 келіде ерлер жарыс жолына шығады.
Еске салсақ, Астанада ауыр атлетикадан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында ерлер арасында 60 және 65 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінің жеңімпаздары анықталды.
Біздің серіктес: Sport12kz