Матч орталығы
ВХЛ Хоккей Горняк-УГМК Горняк-УГМК 1:0 Үзіліс Кристалл Кристалл АФК Чемпиондар лигасы Футбол Нефтчи Нефтчи 0:1 28 Аль Хиляль Аль Хиляль ВХЛ Хоккей Молот Молот 0:0 10:00 Оңтүстік Урал Оңтүстік Урал Қазақстан чемпионаты Хоккей Номад Номад 19:30 Бүгін Торпедо Торпедо МХЛ Хоккей Динамо Динамо 21:00 Бүгін Крылья Советов Крылья Советов УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзал Пяст Гливице Пяст Гливице 23:00 Бүгін Кайрат Алматы Кайрат Алматы УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзал Кауно Жальгирис Кауно Жальгирис 23:00 Бүгін Бенфика Бенфика А сериясы Футбол Монца Монца 00:45 Ертең Фиорентина Фиорентина Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 01:00 Ертең Эвертон Эвертон Ла Лига Футбол Леванте Леванте 01:00 Ертең Эльче Эльче Буэнос-Айрес женщины Теннис Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева 19:00 Ертең Вероника Эрьявец Вероника Эрьявец Еуролига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Ертең Париж Париж Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 22:45 Ертең ЛАСК ЛАСК Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 22:45 Ертең Астон Вилла Астон Вилла АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль-Наср Аль-Наср 23:15 Ертең Аль-Садд Аль-Садд Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 00:45 25.11 Вест Хэм Вест Хэм Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 00:45 25.11 КПР КПР Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 00:45 25.11 Престон Престон Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 00:45 25.11 Суонси Суонси Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 00:45 25.11 Линкольн Линкольн

1 күн бұрын

WADA отырыстарына қатысушылардың алғашқы легі Астанаға келді

WADA отырыстарына қатысушылардың алғашқы легі Астанаға келді

Фото: sputnik-ossetia.ru

Астанаға Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Құрылтайшылар кеңесі мен Атқарушы комитетінің отырыстарына қатысушылар келе бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алғашқылардың қатарында WADA Атқарушы комитетінің тәуелсіз мүшесі, австралиялық заңгер Венеция Беннетт және WADA Спортшылар кеңесінің төрағасы, Атқарушы комитет мүшесі Райан Пини бар. Қонақтарды Туризм және спорт министрінің орынбасары Әділет Тұрғанбаев салтанатты түрде қарсы алды.

Астанада WADA-ның екі басқарушы органының — Құрылтайшылар кеңесі мен Атқарушы комитетінің отырыстары өтеді. Құрылтайшылар кеңесі — агенттіктің жоғары басқарушы органы. Оның құрамына спорт қозғалысы мен мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Кеңес допингке қарсы күрес саласындағы жаһандық саясатты қалыптастыруға қатысады.

Халықаралық қауымдастық өкілдері таза спорт жүйесін дамыту, Дүниежүзілік допингке қарсы кодексті іске асыру және алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Еске салайық, WADA Құрылтайшылар кеңесі мен Атқарушы комитетінің отырыстары 22-27 қарашада Астанада өтеді. Қазақстан Орталық Азияда мұндай деңгейдегі іс-шараларды алғаш рет қабылдайды.

Еске салсақ, Қазақстан келесі жылы конкурдан Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынатын арнайы іріктеу турнирін өткізуге өтінім берді.


Біздің серіктес: Sport12kz