2 күн бұрын
Қазақстан қысқа қашықтықта жүзуден әлем чемпионатына қатысады
Фото: olympic.kz
1 желтоқсанда Бейжіңде (Қытай) қысқа қашықтықта жүзуден (25 м) әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Аталған байрақты бәсекеде еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды.
Жарысқа қатысатын ұлттық құраманың тізіміне Ғалымжан Балабек, Ксения Игнатова, Глеб Коваленя, Әділбек Мусин кірді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады
Еске салсақ, 27-28 қараша күндері Астанада таеквондодан Гран-при турнирі ұйымдастырылады. Халықаралық жарыс қарсаңында Қазақстан құрамасы БАҚ өкілдеріне арналған ашық жаттығу өткізіп, дайындық барысын көрсетті.
Біздің серіктес: Sport12kz