2 күн бұрын
Гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Оңтүстік Корея Аустралияны ойсырата жеңді
Фото: Азия гандбол федерациясы
Бүгін гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты екінші ойын күні мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандастарымыз В тобында сынға түседі. Қарсыластары – Оңтүстік Корея, Үндістан, Аустралия, Өзбекстан.
Бұл күні Қазақстан құрамасы Үндістанды 33:28 еесбімен қапы қалдырды.
Сондай-ақ бұл күні аталған топта Оңтүстік Корея құрамасы Аустралияны 53:5 есебімен тізе бүктірді.
Екі турдан кейін Оңтүстік Корея мен Қазақстан 4 ұпаймен көш басында келеді.
Сондай-ақ бұл күні А тобында Жапония Гонконгты 34:13 есебімен жеңсе, Қытай Иранды 34:32 есебімен жеңді.
Бұл топта Жапония 4 ұпаймен бірінші орында тұрса, одан кейінгі орындардағы Қытай мен Иранның 2 ұпайы бар.
Енді 25 қарашада А тобында Иран мен Таиланд, Гонконг мен Қытай кездессе, В тобында Аустралия мен Үндістан, Қазақстан мен Өзбекстан ойнайды.
Турнирдің үздік төрт құрамасы 2027 жылы Мажарстанда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады. Отандастарымыз қазірге дейін дүбірлі додада 8 мәрте сынға түсті.
Гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 1987 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін Оңтүстік Корея 16 мәрте чемпион атанып, 3 мәрте күміс, 1 мәрте қола жүлдеге қол созды. Одан кейінгі орындарда Жапония 17 (2-7-8), Қазақстан 4 (2-0-2) мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Біздің серіктес: Sport12kz