2 күн бұрын
Рита Бакишева: өз елімізде өтетін жарыста бар күшімізді саламыз
Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы
Қазақстан таеквондодан Гран-при финалына қызу дайындық үстінде. 28-29 қараша күндері елордада өтетін байрақты бәсеке қарсаңында ұлттық құрама дайындықтың соңғы кезеңін пысықтап жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық таеквондошы Рита Бакишева виртуалды және дәстүрлі таеквондоның ерекшеліктері, алдағы жарысқа дайындығы мен биылғы маусымдағы нәтижелері туралы пікір білдірді.
"Биыл алғашқы жетістігіме Азия ойындарында қол жеткіздім. Виртуалды таеквондодан қола медальға ие болды. Негізі, виртуалды және дәстүрлі таеквондоның айырмашылығын сөзбен түсіндіру қиын. Оны спорттық киімді киіп, даянгқа шыққанда ғана сезінесің. Сырт көзге қызық көрінуі мүмкін. Дегенмен бұл да бір спорт түрі.
Әр жарыстың өз жауапкершілігі бар. Тіпті, кішігірім жарыстың өзінде спортшыға үлкен міндет жүктеледі. Бапкерлеріміз төрт спортшыға сенім артып, жарысқа қосып отыр. Сол сенімді ақтағымыз келеді. Өз елімізде өнер көрсететін болғандықтан, бар күшімізді саламыз. Бізді қолдауға келетін жанкүйерлердің үмітін ақтаймыз деп сенемін.
Жаңа бапкер келгеннен кейін жалпы дене дайындығына көбірек көңіл бөле бастадық. Бұрынғыға қарағанда физикалық тұрғыдан шыңдала түстік деп ойлаймын.
Биыл халықаралық жарыстарда ойдағыдай нәтиже көрсете алмадым. Дегенмен Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізіп, Қазақстан чемпионы атандым. Енді алда өтетін Гран-при финалында және Қытайдағы Grand Slam жақсы нәтиже көрсетуді мақсат етіп отырмын», – деді Рита Бакишева.
Біздің серіктес: Sport12kz