05.03.2025
Чемпиондар лигасы: «Бенфика» «Барселонаға» қауқар көрсете ала ма?
Фото: m.sports.ru
Бүгін, 5 наурызда UEFA Чемпиондар лигасы екінші ойын күні өтеді.
Бұл күні «Qazsport» телеарнасынан 22:35-те «Фейеноорд» (Нидерланд) - «Интер» (Италия), 00:50-де «Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Ливерпуль» (Англия) ойындары көрсетіледі.
Сондай-ақ жанкүйерлер 00:50-де «Qazaqstan» телеарнасынан «Бенфика» (Португалия) - «Барселона» (Испания) кездесуін тамашалай алады.
Оған қоса бұл күні «Бавария» (Германия) - «Байер» (Германия) командалары ойнайды.
4 наурызда өткен ойын нәтижелері төмендегіше:
«ПСВ Эйндховен» (Нидерланд) – Арсенал (Англия) 1:7
«Реал Мадрид» (Испания) – «Атлетико Мадрид» (Испания) 2:1
«Боруссия Дортмунд» (Германия) – «Лилль» (Франция)
1:1
«Брюгге» (Бельгия) – «Астон Вилла» (Англия) 1:3.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан