09.03.2025
Серхио Рамос екінші ойын қатарынан гол соқты
Фото: instagram/sergioramos
Испаниялық қорғаушы Серхио Рамос «Монтеррей» сапында екінші матч қатарынан гол соқты.
«Монтеррей» Мексика чемпионатының 11-туры аясында «Крус-Асульмен» тең тарқасты. Ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Қонақ команда сапындағы жалғыз голды Серхио Рамос 12-минутта соқты.
Бұл Рамостың мексикалық клуб жейдесінде өткізген үшінші матчындағы екінші голы.
Осыған дейін 38 жасар ойыншы «Сантос Лагуна» қақпасынан саңылау тапқан.
Еске салсақ, Серхио Рамос «Монтерреймен» осы жылдың соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи