09.03.2025
THAILAND OPEN: Слаломды ескек есуден Қазақстан командасы 3 медаль иеленді
Таиланд Корольдігінің Паттайя қаласында слаломды ескек есуден THAILAND OPEN халықаралық рейтингтік турнирі аяқталды.
Бұл сында біздің спортшылар 3 жүлдеге ие болды. Анастасия Ананьева каноэде ескек есуден чемпион атанды. Ал Александр Куликов (каноэ) пен Екатерина Таранцева (каяк) 3-ші болып мәреге жетті.
Енді осы қалада жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Сары құрлық чемпионатында (U18, U23) 13 елден 180 спортшы жүлдеге таласады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов