09.03.2025
«Елімай» алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Фото: «Қайсар» ФК
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші турында «Елімай» «Қайсарды» жеңді.
Қазақстандық жанкүйерлер қызылордалық клубтың әрбір ойынына қызығушылық танытып отыр. Өйткені, биыл аталған команда тек қазақстандық футболшыларға сенім артып отыр.
Есесіне биыл бас жүлдеге қол созуға талпынған «Елімай» қатарына шетелдік және отандық ойыншыларды қосты.
Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпас маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. Соған қарамастан қарсыластар гол соға алған жоқ.
Екінші кезеңде семейлік клубтың басымдығы байқалып тұрды. Осындай сәттердің бірінде 62-минутта «Елімай» сапынан Роман Тугарев мергендік танытты.
Ал 89-минутта семейлік клубтан Фессу Плакка қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Елімай» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде бесінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан