Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10.03.2025

Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің төртінші айналымына шықты

Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің төртінші айналымына шықты

Фото: George Walker/Icon Sportswire via Getty Images

Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 BNP Paribas Open турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан доданың 1/16 финалында Елена Рыбакина (WTA: 7) ұлыбританиялық Кэти Бултерді (WTA: 38) тізе бүктірді.

Қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:0; 7:5) есебімен басым түсті.

Енді Елена 1/8 финалда Клара Таусон (WTA: 21) – Мирра Андреева (WTA: 11) матчының жеңімпазымен кім мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, байрақты бәсекенің жалпы жүлде қоры 8 963 700 долларды құрайды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан