2 күн бұрын
Даниил Медведев Алматыдағы ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды
Ресейлік теннисші Даниил Медведев Алматыда өткен ATP 250 санатындағы турнирде чемпион атанды. Финалдық кездесуде ол Грузия өкілі Николоз Басилашвилиді үш сет қорытындысы бойынша жеңді.
Матч 6:7 (6:8), 6:1, 6:3 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 50 минутқа созылды. Алғашқы сетте Басилашвили жеңіске жеткенімен, Медведев кейінгі екі сетте басым түсіп, турнирдің бас жүлдесін иеленді.
Бұл 30 жастағы теннисшінің 2026 жылғы маусымдағы төртінші титулы. Сонымен қатар ол кәсіби мансабында ATP турнирлеріндегі 25-ші чемпиондық атағына қол жеткізді. Медведев алғаш рет турнирдегі чемпиондық титулын қорғап қалды.
Әлемдік рейтингте Медведев бесінші орында тұр. Ал 34 жастағы Басилашвили 128-сатыда орналасқан. Теннисшілер бұған дейін екі рет кездесіп, екі жағдайда да ресейлік спортшы жеңіске жеткен.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жетіп, чемпиондық атағын екінші жыл қатарынан қорғады.
Біздің серіктес: Sport12kz