14 сағат бұрын
Елена Рыбакина маусымдағы титулдар саны бойынша Соболенкодан озып кетті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымда жеңіп алған турнирлер саны бойынша WTA рейтингіндегі басты бәсекелестерінен алға шықты.
Отандасымыз Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінің финалында канадалық Лейла Фернандесті жеңіп, маусымдағы төртінші титулын иеленді. Шешуші кездесуде Рыбакина қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен ұтты.
Бұған дейін қазақстандық спортшы Australian Open, US Open және Штутгарттағы жарыста чемпион атанған еді.
Осы нәтижеден кейін Рыбакина биылғы титулдар саны жөнінен беларусьтік Арина Соболенко мен ресейлік Мирра Андрееваны басып озды. Қос теннисші де 2026 жылы үш турнирде жеңіске жеткен.
Біздің серіктес: Sport12kz