3 күн бұрын
Бейбіт Жұқаев Сеулдегі «Челленджер» турнирінен бас тартты
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (ATP рейтингінде 528-орын) Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің негізгі кезеңіндегі алғашқы матчқа қатыспайтын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
26 жастағы спортшы бірінші айналымда Гонконг өкілі Чак Лам Коулман Вонгпен (ATP рейтингінде 87-орын) кездесуі керек еді. Бұған дейін Жұқаев іріктеу кезеңінен сәтті өткен.
Алғашқы іріктеу матчында ол Оңтүстік Корея өкілі Ко Мин Хоны 6:4, 6:4 есебімен жеңсе, кейін жапониялық Коки Мацуданы 6:4, 7:6 (7:1) есебімен ұтты.
Айта кетейік, турнирдің негізгі кезеңінде Қазақстанның тағы бір өкілі Тимофей Скатов та өнер көрсетіп жатыр. Ол алғашқы айналымда грек теннисшісі Стефанос Сакелларидиспен кездеседі.
Сеулдегі жарыс 25 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. Турнирдің жүлде қоры – 225 мың АҚШ доллары. Жеңімпаз 125 рейтингтік ұпайға ие болады.
Біздің серіктес: Sport12kz