3 күн бұрын
Жеңіс Қасымбек үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті қызметіне сайланды. Тиісті шешім ұйымның кезектен тыс конференциясында қабылданды.
Ол бұл қызметте 2018 жылдан бері федерацияны басқарып келген Данияр Әбілғазинді алмастырды.
Жаңа басшының негізгі міндеттерінің бірі – 2027 жылғы 22–30 мамыр аралығында Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына дайындықты үйлестіру. Қазақстан аталған жарысты өткізу құқығына 2025 жылы ие болған. Әлем чемпионаты «Барыс Арена» мен «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz