2 күн бұрын
Юлия Путинцева Токиодағы турнирдің жұптық сынынан шығып қалды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жұптық сынында алғашқы айналымнан аса алмады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Путинцева ресейлік Людмила Самсоновамен бірге Тайвань өкілі Чжань Хаоцин мен жапониялық Мию Катого қарсы ойнады. Кездесу 6:3, 6:1 есебімен қарсыластар пайдасына аяқталды. Матч 1 сағат 1 минутқа созылды.
Осылайша, Чжань Хаоцин мен Мию Като ширек финалға жолдама алды. Ал Путинцева жұптық сындағы жарысын аяқтады.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші жекелей сында өнер көрсетуін жалғастырады. Екінші айналымда ол әлемнің бірінші ракеткасы, отандасымыз Елена Рыбакинамен кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz