Матч орталығы
КХЛ Хоккей ЦСКА ЦСКА 5:1 Аяқталды Трактор Трактор УЕФА жасөспірімдер лигасы Футбол МТК U19 МТК U19 1:3 Аяқталды Кайрат U19 Кайрат U19 Германия кубогы Футбол Фрайбург Фрайбург 3:2 Аяқталды Вольфсбург Вольфсбург Германия кубогы Футбол Падерборн Падерборн 0:1 Аяқталды Штутгарт Штутгарт А сериясы Футбол Милан Милан 2:4 Аяқталды Болонья Болонья А сериясы Футбол Парма Парма 0:0 Аяқталды Удинезе Удинезе А сериясы Футбол Венеция Венеция 0:2 Аяқталды Интер Интер Нидерланд кубогы Футбол Спарта Спарта 2:2 Пенальтиден соң Фортуна Фортуна Испания кубогы Футбол Утебо Утебо 23:00 28.10 Сабадель Сабадель Испания кубогы Футбол Анайтасуна Анайтасуна 23:00 28.10 Алавес Алавес Испания кубогы Футбол ЦД Таранкон ЦД Таранкон 23:00 28.10 Леванте Леванте Лига ICE Хоккей Зальцбург Зальцбург 2:1 Аяқталды Вена Кэпиталз Вена Кэпиталз АФК Чемпиондар лигасы 2 Футбол Аль-Фейсали Аль-Фейсали 0:2 Аяқталды Аль-Таавун Аль-Таавун Ұлттық лига Хоккей Лангнау Лангнау 4:2 Аяқталды Фрибург Фрибург Лига ICE Хоккей Больцано Больцано 3:2 Аяқталды Филлах Филлах Испания кубогы Футбол Аморебьета Аморебьета 00:00 Бүгін Логронес Логронес Испания кубогы Футбол Алькояно Алькояно 00:00 Бүгін Мальорка Мальорка Испания кубогы Футбол Тривал Вальдерас Тривал Вальдерас 00:00 Бүгін Леганес Леганес УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзал Кайрат Алматы Кайрат Алматы 5:3 Аяқталды ФК Бейтар ФК Бейтар Испания кубогы Футбол Реус Реддис Реус Реддис 00:30 Бүгін Баракальдо Баракальдо

10 сағат бұрын

Жібек Құламбаева әлемдік рейтингтегі жеке рекордын жаңартты

Жібек Құламбаева әлемдік рейтингтегі жеке рекордын жаңартты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жұптық сайысында жартылай финалға жолдама алды., деп хабарлайды Sport12.kz

Сәтті өнер көрсетуінің арқасында отандасымыз мансабында алғаш рет жұптық сындағы әлемдік рейтингтің үздік 100 теннисшісінің қатарына енді.

Ширек финалда Құламбаева нидерландтық теннисші Изабель Хаверлагпен бірге турнирдің бірінші нөмірімен тіркелген Мария Козырева мен ұлыбританиялық Майя Ламсденге қарсы ойнады.

1 сағат 23 минутқа созылған кездесу қазақстандық-нидерландтық жұптың 3:6, 6:3, 10:8 есебімен жеңіске жетуімен аяқталды.

Матч барысында Құламбаева мен Хаверлаг екі эйс жасап, тоғыз брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды және барлық ұпайлардың 50 пайызын жеңіп алды. Жартылай финалға жолдама тағдыры шешуші чемпиондық тай-брейкте анықталып, қазақстандық теннисші мен оның серіктесі қарсыластарынан басым түсті.

Жартылай финалға шығу Жібек Құламбаеваға кәсіби мансабындағы маңызды жетістікке қол жеткізуге мүмкіндік берді. WTA рейтингінің нақты уақыт режимінде жаңартылатын (live) нұсқасында қазақстандық теннисші жұптық сында 95-орынға көтеріліп, алғаш рет әлемнің үздік 100 теннисшісінің қатарына енді. Бұл көрсеткіш оның мансабындағы жаңа жеке рекорды болды.

Енді Құламбаева мен Хаверлаг Гуанчжоудағы турнирдің финалына шығу үшін күресті жалғастырады.



Біздің серіктес: Sport12kz