4 сағат бұрын
Рыбакина мен Путинцеваның келесі қарсыласы белгілі болды
Канадалық теннисші Лейла Фернандес Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты. Ол Қазақстан өкілдері Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Екінші айналымда әлемдік рейтингте 14-орында тұрған, жарыстың бесінші нөмірлі теннисшісі бельгиялық Элизе Мертенсті жеңді. Кездесу 2 сағат 13 минутқа созылып, 6:2, 7:6 (10:8) есебімен Фернандестің пайдасына аяқталды.
Осылайша, канадалық теннисші турнирдің осы бөлігіндегі алғашқы ширек финалист атанды. Оның келесі қарсыласы әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен әлемдік рейтингте 67-орында тұрған Юлия Путинцева арасындағы кездесуден кейін анықталады.
Айта кетейік, бұған дейін Нинбода өткен WTA 500 турнирінің финалында Фернандес Рыбакинаға 2:6, 2:6 есебімен есе жіберген еді. Егер қазақстандық теннисші Путинцеваны жеңсе, ол канадалық спортшымен Токиодағы жарыстың ширек финалында қайта кездеседі.
Фернандес қазіргі турнирдің алғашқы айналымында жапониялық Химэно Сакацумэні 6:2, 6:4 есебімен жеңген болатын.
Біздің серіктес: Sport12kz