19 сағат бұрын
Рыбакина Путинцеваны жеңіп, Токиодағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Әлемнің бірінші ракеткасы 1/8 финалда отандасы Юлия Путинцевамен кездесіп, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Енді Рыбакина жартылай финалға шығу үшін канадалық Лейла Фернандеспен ойнайды. Екі теннисші жақында Нинбодағы WTA 500 турнирінің финалында кездескен еді. Сол матчта Рыбакина қарсыласынан басым түсіп, чемпион атанған.
Біздің серіктес: Sport12kz