Матч орталығы
НХЛ Хоккей Рейнджерс Рейнджерс 1:4 Аяқталды Эдмонтон Эдмонтон Ченнаи женщины Теннис Мей Ямагучи Мей Ямагучи 15:40 Бүгін Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева АФК Чемпиондар лигасы Футбол Пахтакор Пахтакор 18:45 Бүгін Аль-Наср Аль-Наср Челленджер Братислава 2 Теннис Лука Павлович Лука Павлович 20:00 Бүгін Александр Шевченко Александр Шевченко КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 21:00 Бүгін СКА СКА А сериясы Футбол Сассуоло Сассуоло 22:30 Бүгін Фиорентина Фиорентина А сериясы Футбол Аталанта Аталанта 00:45 Ертең Парма Парма Лига 1 Футбол Лорьян Лорьян 00:45 Ертең Брест Брест Премьер-лига Футбол Ньюкасл Ньюкасл 01:00 Ертең Эвертон Эвертон Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 01:00 Ертең Осасуна Осасуна Примейра-лига Футбол Жил Висенте Жил Висенте 01:15 Ертең Гимарайнш Гимарайнш Примейра-лига Футбол Бенфика Бенфика 01:15 Ертең Алверка Алверка Чемпиондар лигасы Футбол Шахтер Шахтер 22:45 Ертең Спортинг Спортинг Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 22:45 Ертең Штутгарт Штутгарт Испания кубогы Футбол Памплона Памплона 23:00 Ертең Эйбар Эйбар Испания кубогы Футбол Анайтасуна Анайтасуна 23:00 Ертең Алавес Алавес АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль Хиляль Аль Хиляль 23:15 Ертең Шабаб Аль Ахли Шабаб Аль Ахли Чемпионшип Футбол КПР КПР 00:45 04.11 Бернли Бернли Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 00:45 04.11 Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 00:45 04.11 Норвич Норвич

3 күн бұрын

Елена Рыбакина: «Жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтау — мен үшін үлкен қуаныш»

Елена Рыбакина: «Жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтау — мен үшін үлкен қуаныш»

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылдың қорытындысы бойынша Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жекелей сындағы рейтингінде бірінші орынды иеленетініне кепілдік берді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Токиодағы WTA 500 турнирінің екінші айналымында Юлия Путинцеваны жеңгеннен кейін, ол маусым соңына дейін ең жақын қарсыластарына жеткізбейтін болды.

Рыбакина — жыл қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы жекелей рейтингте көш бастайтын Азия елінің тұңғыш өкілі. Осылайша, оның жетістігі Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Азия теннисі үшін тарихи оқиғаға айналды.

Елена маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайтынына қатысты әсерімен бөлісіп, жанкүйерлеріне қолдауы үшін алғыс айтты.

«Жылды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтайтыныма өте бақыттымын. Осы керемет жыл бойы маған қолдау көрсеткен баршаңызға рақмет. Келесі жылы да осындай жоғары деңгейде өнер көрсетуді жалғастыра аламын деп үміттенемін», — деді Рыбакина.

Маусымды бірінші орында аяқтау — әлемдік рейтингтің барлық көшбасшысына бірдей бұйырмаған жетістік. Жапониялық Наоми Осака WTA рейтингінде көш бастағанымен, жыл қорытындысы бойынша бірде-бір рет әлемнің бірінші ракеткасы атанбаған. Ресей атынан өнер көрсеткен Мария Шарапова мен Динара Сафина да мұндай нәтижеге қол жеткізбеген.

Алдағы жарыстардағы өзінің де, ең жақын қарсыластарының да нәтижелеріне қарамастан, Рыбакина жыл соңына дейін әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін сақтап қалады. Қазіргі таңда қазақстандық теннисшінің лайв-рейтингте 9501 ұпайы бар, ал екінші орында тұрған Арина Соболенконың еншісінде 7550 ұпай. Осылайша, Еленаның басымдығы 1951 ұпайды құрайды.

Айта кетсек, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Жапония астанасы Токиода өткен WTA 500 санатындағы турнирден 33 475 доллар (шамамен 15 миллион теңге) сыйақы алды.


Біздің серіктес: Sport12kz