12 сағат бұрын
Жәния Бекмұхамбетова халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды
Мажарстанның Сомбатхей қаласында үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы WTT Youth Contender халықаралық турнирі мәресіне жетті. Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова 15 жасқа дейінгі қыздар арасындағы жарыста қола медаль жеңіп алды.
Отандасымыз турнир барысында Мажарстан, Молдова, Польша және Румыния спортшыларынан басым түсіп, жартылай финалға дейін жетті. Алайда ақтық сынға жолдама сарапқа салынған кездесуде Қатар өкіліне есе жіберді.
Осылайша, Жәния Бекмұхамбетова халықаралық жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Біздің серіктес: Sport12kz