Матч орталығы
КХЛ Хоккей Амур Амур 2:3 Аяқталды СКА СКА КХЛ Хоккей Адмирал Адмирал 5:4 Аяқталды Барыс Барыс Гонконг женщины Теннис Антония Рузич Антония Рузич 0:2 Аяқталды Александра Эала Александра Эала КХЛ Хоккей Трактор Трактор 2:3 19:58 Ак Барс Ак Барс КХЛ Хоккей Лада Лада 0:0 Үзіліс Локомотив Локомотив ВХЛ Хоккей Буран Буран 21:00 Бүгін Молот Молот КХЛ Хоккей Спартак Спартак 21:30 Бүгін Динамо Минск Динамо Минск Еуролига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Бүгін Жальгирис Жальгирис Париж мужчины Теннис Тейлор Фриц Тейлор Фриц 23:00 Бүгін Карлос Алькарас Карлос Алькарас Бундеслига Футбол Гамбург Гамбург 00:30 Ертең Боруссия Боруссия А сериясы Футбол Венеция Венеция 00:45 Ертең Удинезе Удинезе Лига 1 Футбол Тулуза Тулуза 00:45 Ертең Страсбур Страсбур Ла Лига Футбол Севилья Севилья 01:00 Ертең Алавес Алавес Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 01:00 Ертең Ковентри Ковентри Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 01:00 Ертең Болтон Болтон Франция кубогы Футбол ЦСК Кэйенне ЦСК Кэйенне 04:00 Ертең Матури Матури Қазақстан кубогы Футбол Ордабасы Ордабасы 16:00 Ертең Қайсар Қайсар Чемпионшип Футбол Рексхэм Рексхэм 17:30 Ертең Вулверхэмптон Вулверхэмптон Премьер-лига Футбол Лидс Лидс 17:30 Ертең Тоттенхэм Тоттенхэм Ла Лига Футбол Малага Малага 18:00 Ертең Расинг Расинг

20 минут бұрын

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Египетте Дэвис кубогының топтық кезеңін аяқтады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Египетте Дэвис кубогының топтық кезеңін аяқтады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Мысырдың Каир қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы теннистен командалық әлем чемпионаты – Junior Davis Cup Finals 2026 турнирінің топтық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Құрамында Ахмади Маханов, Ансар Ниетқалиев және Родион Трайгель бар Қазақстан құрамасы D тобында Франция, АҚШ және Үндістан командаларымен сынға түсті.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық теннисшілер Франция құрамасымен кездесті. Қарсыластар командалық кездесуде 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Екінші ойын күнінде Қазақстан құрамасы АҚШ командасына қарсы өнер көрсетті. Америкалық теннисшілер үш матчтың барлығында басым түсіп, кездесуді 3:0 есебімен аяқтады.

Топтық кезеңдегі соңғы кездесуін Қазақстан құрамасы Үндістанға қарсы өткізді. Үндістандық теннисшілер де үш матчта жеңіске жетіп, командалық кездесуді 3:0 есебімен өз пайдасына шешті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы топтық кезеңді өз тобында үшінші орынмен аяқтады. Енді ұлттық команда турнирдің қорытынды 9–16-орындары үшін күресті жалғастырады. Қазақстандық жасөспірімдердің келесі қарсыласы Аустралия құрамасы болады.

Еске сала кетейік, Junior Davis Cup Finals турнирінің финалдық кезеңіне әлемнің ең үздік 16 жасөспірімдер құрамасы қатысады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша әр топтан үздік екі команда ширек финалға жолдама алады, ал қалған құрамалар қорытынды орындар үшін өтетін жіктеу матчтарында өнер көрсетеді.

2024 жылы Занғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниэль Тазабековтен құралған Қазақстан құрамасы Аустралияда өткен жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогында бесінші орын алған болатын.

Еске салсақ, Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде тарихи нәтижеге қол жеткізді.


Біздің серіктес: Sport12kz