6 сағат бұрын
«Қызғылт сары доп» жарысының жеңімпаздары анықталды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Beeline by түрлі түсті доптар фестивалі аясында «Қызғылт сары доп» санатындағы жарыстар өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Турнир қорытындысы бойынша ұлдар мен қыздар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Жарыс барысында жас теннисшілер өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындар үшін тартысты бәсекеге түсіп, құнды тәжірибе жинақтады.
Қыздар арасында Астана қаласының өкілі Жансель Серсембаева жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені елордалық Сабрина Сұлтанбекова иеленсе, қола медаль тағы бір астаналық теннисші Айша Бабаханға бұйырды.
Ұлдар арасында Ақмола облысының өкілі Дінмұхаммед Бақытұлы бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Ақтөбе облысынан келген Мансұр Суважбаев иеленсе, үздік үштікті Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Георгий Пахомов түйіндеді.
Түрлі түсті доптар фестивалі балалар теннисін дамытуға, өскелең ұрпақ арасында спорттың осы түрін кеңінен насихаттауға және жас спортшылардың жарыс тәжірибесін арттыруға бағытталған.
Еске салсақ, 19 желтоқсанда Астанада бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен блогерлер арасында BAQ OPEN 2026 қысқы теннис турнирі өтеді. Жарысты Қазақстан теннис федерациясы ұйымдастырады.
Біздің серіктес: Sport12kz