15 сағат бұрын
Қазақстандық теннисшілер ATP рейтингінде жоғарылады
Қазақстандық теннисшілер ATP жаңартқан әлемдік рейтингте бірнеше сатыға жоғарылады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бір орынға ілгерілеп, әлемдік рейтингте 25-сатыға жайғасты. Ол 2026 жылғы маусымды мерзімінен бұрын аяқтаған еді.
Ал Стокгольмдегі турнирде сәтті өнер көрсеткен Александр Шевченко бірден жеті орынға көтеріліп, 100-сатыға тұрақтады. Осылайша, қазақстандық теннисші үздік жүздікке қайта қосылды.
Тағы бір отандасымыз Тимофей Скатов та рейтингтегі орнын жақсартып, төрт сатыға жоғарылады. Қазір ол әлемнің 193-ракеткасы атанып отыр.
Әлемдік рейтингтің алғашқы үштігінде өзгеріс жоқ. Көш басында германиялық Александр Зверев тұр. Екінші орында – италиялық Янник Синнер, ал үздік үштікті испаниялық Карлос Алькарас түйіндейді.
Ал испаниялық Рафаэль Ходар 11-орыннан оныншы сатыға көтеріліп, үздік ондыққа қайта енді. Бұған дейін оныншы орында тұрған америкалық Тейлор Фритц тоғызыншы орынға жайғасты.
Біздің серіктес: Sport12kz