2 күн бұрын
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте жетінші орынға көтерілді
Фото: olympic.kz
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының (Billie Jean King Cup) жаңартылған әлемдік рейтингінде жетінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sport12.kz.
2026 жылғы 23 қарашадағы жағдай бойынша қазақстандық команда 988,75 ұпай жинап, әлемнің ең үздік он құрамасының қатарына енді.
Қазақстан Польша (937,5), Канада (921,25) және Жапония (918,75) құрамаларынан алда келеді. Рейтинг көшбасшысы — Италия құрамасы (1312,5 ұпай). Екінші орында Чехия (1277,5), ал үздік үштікті Украина (1226,25) түйіндеп тұр.
Билли Джин Кинг кубогының әлемдік рейтингіндегі Топ-10:
Италия - 1312,5
Чехия - 1277,5
Украина - 1226,25
Ұлыбритания — 1178,75
Испания - 1131,25
АҚШ - 1071,25
Қазақстан - 988,75
Польша - 937,5 (+1)
Канада - 921,25 (-1)
Жапония - 918,75.
Биылғы қыркүйекте өткен Билли Джин Кинг кубогының соңғы додасында Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін жетіп, Испанияға 1:2 есебімен жол берді. Турнирдің шешуші кезеңінде қазақстандық команда өзінің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинасыз өнер көрсетті, ол жарақатына байланысты жарыстан бас тартқан болатын.
Айта кетсек, қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге WTA Awards 2026 сыйлығының Fan Favorite Doubles номинациясына ұсынылды.
Біздің серіктес: Sport12kz