10.03.2025
Ағайынды Сабырхандар кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді
Фото: instagram/sabyrkhantorekhan
Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырханның кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі ресми түрде хабарланды.
5 сәуір күні Астана қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтетін бокс кешінде ағайынды Сабырхандар шаршы рингке шығады.
Әзірге отандастарымыздың қарсыластары белгісіз.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи