Матч орталығы
КХЛ Хоккей Барыс Барыс 2:1 Аяқталды Северсталь Северсталь УЕФА жасөспірімдер лигасы Футбол Градец-Кралове U19 Градец-Кралове U19 1:0 Аяқталды Кайрат U19 Кайрат U19 КХЛ Хоккей СКА СКА 2:3 Аяқталды Локомотив Локомотив Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 0:3 57 Барселона Барселона Чемпиондар лигасы Футбол Славия Славия 0:0 56 Вильярреал Вильярреал Б сериясы Футбол Кремонезе Кремонезе 0:0 Үзіліс Авеллино Авеллино Лига ICE Хоккей Зальцбург Зальцбург 0:3 Үзіліс Пустерталь Пустерталь АФК Чемпиондар лигасы 2 Футбол Аль-Таавун Аль-Таавун 0:0 44 Аль-Нахда Аль-Нахда ДЕЛ Хоккей Швеннингер Швеннингер 2:0 00:58 Изерлон Изерлон ДЕЛ Хоккей Ред Булл Ред Булл 2:1 02:28 Вольфсбург Вольфсбург Чемпионшип Футбол Бернли Бернли 00:45 Ертең Бирмингем Бирмингем Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 00:45 Ертең Вест Бромвич Вест Бромвич Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 00:45 Ертең Блэкберн Блэкберн Чемпионшип Футбол Сток Сток 01:00 Ертең Миллуолл Миллуолл Чемпиондар лигасы Футбол ПСЖ ПСЖ 01:00 Ертең Рома Рома Чемпиондар лигасы Футбол Атлетико Атлетико 01:00 Ертең Викинг Викинг Чемпиондар лигасы Футбол Спортинг Спортинг 01:00 Ертең Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Чемпиондар лигасы Футбол Брюгге Брюгге 01:00 Ертең Ливерпуль Ливерпуль Чемпиондар лигасы Футбол Лилль Лилль 01:00 Ертең Бавария Бавария Чемпиондар лигасы Футбол Шахтер Шахтер 01:00 Ертең Фенербахче Фенербахче

30.10.2026

2029 жылғы қысқы Азия ойындарын Қазақстанда өткізу мәселесі талқыланды

2029 жылғы қысқы Азия ойындарын Қазақстанда өткізу мәселесі талқыланды

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде 2029 жылы Алматыда өтетін X қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жиынға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Қазақстан ҰОК Бас директоры Нұрлан Нөгербек, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев, Алматы қаласы Спорт басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Еркін Қазыбаев, сондай-ақ ұлттық спорт федерацияларының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында алдағы Азия ойындарын ұйымдастыруға қатысты негізгі мәселелер қаралды. Атап айтқанда, жарыс бағдарламасын қалыптастыру, спорт түрлері мен дисциплиналарды анықтау, сондай-ақ жарыстарды өткізудің ықтимал мерзімдері талқыланды.

Сонымен қатар Азия ойындарына дайындық жұмыстарына тартылған ұйымдардың өзара іс-қимылы және алдағы жұмыс кезеңдерін келісу мәселелері де сөз болды.

Кездесу соңында 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына уақтылы әрі сапалы дайындық жүргізу үшін барлық жауапты ұйымдардың үйлесімді жұмыс істеуінің маңыздылығы атап өтілді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ҰОК пен Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) қысқы Азия ойындары-2029-ға дайындықтың өзекті мәселелерін талқылау үшін кездесу өткізген болатын. Онда тараптар Ойындарды технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету, телехабар тарату және маркетинг мәселелерін қарастырып, ойындарды ұйымдастыру аясындағы алдағы ынтымақтастық бағыттарын айқындады.

Еске салсақ, 2032 жылы Аустралияның Брисбен қаласында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми эмблемалары таныстырылды.




Біздің серіктес: Sport12kz