2 сағат бұрын
Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақстан әйелдер күресі құрамасының көшбасшысы Жәмила Бақбергенова Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен іріктеу кезеңінде қазақстандық балуан Молдова өкілі Эмилия Кречунмен белдесіп, техникалық басымдықпен жеңіске жетті. Енді ол 1/8 финалда күреседі.
Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова – Азияның төрт дүркін чемпионы. Ол әлем чемпионаттарында үш рет күміс жүлдегер атанып, 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алған.
Астанадағы күрес түрлерінен әлем чемпионаты 24 қазанда басталды және 1 қарашаға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz